29 июля 2026

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады
Фото: www.gov.kz

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды кезекті жеке мәселесі бойынша қабылдап, қала инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша өтінішін қарады.

Қабылдау барысында тұрғындар инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, экология, құрылыс, тұрғын үйді жаңарту, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени нысандардың жұмысына қатысты сауалдарды көтерді.

Әрбір өтініш бойынша қала әкімі тиісті басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің ақпаратын тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтау жөнінде тиісті тапсырма берді және олардың орындалу мерзімін белгіледі. Басқармааралық өзара іс-қимылды немесе қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылдауды талап ететін сауалдар бойынша жауапты мемлекеттік органдарға өтініштерді қарау және өтініш иелерін хабардар ету тапсырылды.

Азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде өткізіледі әрі тұрғындармен тікелей диалог орнатудың негізгі тетіктерінің бірі. Бұл өтініштерге жедел қарауға және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде қала тұрғындарының пікірін ескеруге мүмкіндік береді.