29 июля 2026

Елорданың су айдындарында қауіпсіздікке байланысты рейдтер жүріп жатыр

Елорданың су айдындарында қауіпсіздікке байланысты рейдтер жүріп жатыр
Фото: www.gov.kz

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Optimism.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Рейд барысында азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бойынша түсіндіру жүргізілді.

Рейд қорытындысы бойынша судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсуге, сондай-ақ балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.