---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/07/31/elordaly-sportshy-17-zhasynda-lem-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri-atandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елордалық спортшы 17 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

![Елордалық спортшы 17 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды](https://optimism.kz/app/uploads/2026/07/6b985b2f1745e17765a45d70125ae996_original-218946-jpeg.jpeg)

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында елордалық спортшы Айша Әбдімәлік күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды [Optimism.kz](https://optimism.kz/) елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Әйелдер күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Астана қаласының спортшысы финалда Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен белдесті. Қарсыласы – 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері.

Айта кетейік, финалға дейін Айша Әбдімәлік Венгрия, АҚШ, Молдова және Грекия спортшыларын жеңіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.

---

Опубликовано: 2026-07-31T09:16:15+05:00

Обновлено: 2026-07-31T09:16:15+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Истории успеха](https://optimism.kz/category/istoriya-uspexa/), [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Айша Әбдімәлік](https://optimism.kz/tag/ajsha-bdim-lik/), [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/), [Күрес](https://optimism.kz/tag/k-res/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/07/31/elordaly-sportshy-17-zhasynda-lem-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri-atandy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».