25 августа 2026

Астанада Ш. Айтматов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Ш. Айтматов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Фото: Акимат Астаны

Астанада Ш. Айтматов көшесінің Ж. Молдағалиев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 25-29 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.