# «100 күнде 100 өлең»: астаналық мектеп директоры автокөлік жеңіп алды

![«100 күнде 100 өлең»: астаналық мектеп директоры автокөлік жеңіп алды](https://optimism.kz/app/uploads/2026/08/58297ee00e03f40e9da42d210e835b20_original-223666.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Астаналық мектеп директоры «100 күнде 100 өлең» республикалық байқауында топ жарып, бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Assyltas» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «100 күнде 100 өлең» республикалық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам қатысты.

Жүз күнге созылған шығармашылық додада қатысушылар қазақ поэзиясының жауһарларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытты.

Ауқымды байқауда Астананың атынан бақ сынаған №107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы «100 күн ішінде 100 өлең жаттап» өз білімін есте сақтау қабілетін және поэзияға деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Нәтижесінде елордалық директор байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, автокөлік иегері атанды.

---

Опубликовано: 2026-08-31T05:21:04+05:00

Обновлено: 2026-08-31T05:21:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/08/31/100-kuende-100-oeleng-astanaly-mektep-direktory-avtokoelik-zhengip-aldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».