# Астаналық спортшылар Көшпенділер ойындарында жеті спорт түрінен бақ сынайды



Фото: Акимат Астаны

Қырғыз Республикасында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтетін дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Астана қаласының 13 спортшысы жеті спорт түрі мен дисциплина бойынша ел намысын қорғайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 31 тамызда Бішкек қаласында, ал жабылу салтанаты 6 қыркүйекте Шолпан-Ата қаласында өтеді.  
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына ұлттық және дәстүрлі спорт түрлері бойынша 43 дисциплина енгізілген. Қазақстан құрамасы олардың барлығында бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында 152 спортшы мен 49 жаттықтырушы бар.

Астана қаласының атынан сынға түсетін спортшылар:  
Дәстүрлі садақ ату:  
• Қасымхан Қанат, Айкөркем Батихан.  
Жорго салыш (11 шақырымдық ат жарысы):  
• Әлия Тоқтасынова, Наиля Советхан, Анатолий Шабаев, Вероника Румянцева (қосалқы спортшы).  
Мангала (тоғызқұмалақ):  
• Гүлнәр Базаралиева, Құндыз Есіркеп, Биғали Зікрияев.  
Таяқ тартыш (мас-рестлинг):  
• Арман Әмірбаев.  
Жілік сындыру:  
• Әмірбек Жұмәділ.  
Гореш (ұлттық күрес):  
• Мадияр Абрахманов.  
Тайган жарыш (тазы жарысы):  
• Алмас Оралбек «Сағым» атты тазысымен бақ сынайды.  
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

---

Опубликовано: 2026-08-31T10:15:04+05:00

Обновлено: 2026-08-31T10:15:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/08/31/astanaly-sportshylar-koeshpendiler-ojyndarynda-zheti-sport-tuerinen-ba-synajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».