Астанада Төле би көшесін салу жұмысы жүріп жатыр
Фото: Акимат Астаны
Астанада «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Төле би көшесін салу» жобасы аясында жолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты Р. Бағланова көшесінен Т-6 көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады.