---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/09/21/astanaly-sada-shylar-qaza-stan-chempionatynda-bes-medal-zhengip-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астаналық садақшылар Қазақстан чемпионатында бес медаль жеңіп алды

![Астаналық садақшылар Қазақстан чемпионатында бес медаль жеңіп алды](https://optimism.kz/app/uploads/2026/09/f269f583c18e08eea2e3caae26c55ed033a47f48df4d3b8531721dcb8509e740_original-173264.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 260 спортшы қатысып, бірнеше нысана мен қашықтық бойынша сынға түсті. Аталмыш жарыста Астана қаласының спортшылары бір алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда құрамасының қоржынына алтын жүлдені Анжела Тарыца салды. Ол «Пута» нысанасы бойынша 60 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ спортшы «Қалқан» нысанасында 50 метрден және Орта Азия нысанасында 40 метрден ату сайыстарында екі күміс медаль иеленді.

Қасымхан Қанат «Пута» нысанасында 70 метр қашықтықта екінші орын алса, Абылайхан Қанат «Қалқан» нысанасында 50 метрден ату бойынша күміс жүлдегер атанды.

Жекелей сындардағы нәтижелермен қатар, Астана қаласының құрамасы чемпионаттың жалпыкомандалық есебінде үшінші орынға ие болды.

---

Опубликовано: 2026-09-21T10:29:05+05:00

Обновлено: 2026-09-21T10:29:05+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/09/21/astanaly-sada-shylar-qaza-stan-chempionatynda-bes-medal-zhengip-aldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».