---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/09/30/astanaly-tzhd-zhanga-zamanaui-oert-soendiru-tehnikalarymen-toly-ty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астаналық ТЖД жаңа заманауи өрт сөндіру техникаларымен толықты

![Астаналық ТЖД жаңа заманауи өрт сөндіру техникаларымен толықты](https://optimism.kz/app/uploads/2026/09/0a4637ac475803ffba80009db701c57a4692eaeba25539ca1e4f9d257a16682b_original-370571.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек [Instagram](https://www.instagram.com/jenis_qasymbek/) парақшасында елордалық ТЖД-ға жаңа техникалар табысталғаны туралы жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Өрт сөндірушілеріміздің батылдығы мен жоғары кәсіби біліктілігі өртке қарсы қызметтің техникалық жарақтандыру деңгейімен сай келуі керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елорданың ТЖД автопаркін жаңарту және қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгін қаланың ТЖД автопаркі кезекті 15 жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты.

Жаңа техникалар төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, апаттық-құтқару және өрт сөндіру жұмысын тиімді жүргізуге, сол сияқты жеке құрамды, өрт сөндіру құралдары мен техникалық жабдықтарды оқиға орнына жеткізуге арналған.

Соңғы жылдары ТЖД-ға арнап 44 бірлік арнайы техника сатып алынып, табысталды. Сонымен қатар, өрт сөндірушілердің тұрғын үй жағдайын жақсарту, жаңа өрт сөндіру деполарын ашу және т.б. бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Өрт сөндірушілеріміз күн сайын түрлі қауіп-қатер мен қиындықтарға қарсы тұрады. Олардың батылдығы, кәсіби шеберлігі мен жанқиярлығы – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі. Біз олардың тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасап, өртке қарсы қызметті заманауи техникамен жарақтандыруды жалғастырамыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

---

Опубликовано: 2026-09-30T08:57:06+05:00

Обновлено: 2026-09-30T08:57:06+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/09/30/astanaly-tzhd-zhanga-zamanaui-oert-soendiru-tehnikalarymen-toly-ty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».