---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/10/06/astanada-astaufest-haly-araly-gastronomiyaly-festivali-oetip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада «ASTAUFEST» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

![Астанада «ASTAUFEST» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр](https://optimism.kz/app/uploads/2026/10/410d927ad2c3b96570d5ae9ca47cdb06ef541e2ac1a7d1ed3ecf09cc2cb671ce_original-108978.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Астанада VII «ASTAUFEST» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын байқауға Қазақстан өңірлерінен және алыс-жақын шетелдерден 30-дан астам білім беру ұйымының 200-ден астам өкілі қатысып, өзара үздік атану үшін бақ сынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласындағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің» ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – елорданың гастрономиялық әлеуетін таныту, мейрамхана индустриясын дамыту және насихаттау, сондай-ақ қонақжайлылық мәдениетін қалыптастыру.

Фестиваль қазақтың ұлттық тағамдарын дәріптеуге, ұлттық аспаздық дәстүрлерді кеңінен танытуға және оларды заманауи гастрономиямен ұштастыруға бағытталған. Бұл ретте іс-шара отандық аспаз өнерінің дамуына және тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Байқауға Қытай, Франция, Түркия, Кипр, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен келген 13 халықаралық сарапшы төрелік етеді. Бұл қатысушыларға өздерінің кәсіби шеберлігін халықаралық деңгейде бағалап, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

---

Опубликовано: 2026-10-06T10:47:04+05:00

Обновлено: 2026-10-06T10:47:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/10/06/astanada-astaufest-haly-araly-gastronomiyaly-festivali-oetip-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».