---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/10/08/zhastar-arasynda-sada-atudan-el-chempionaty-astanaly-sportshylar-10-medal-zhengip-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жастар арасында садақ атудан ел чемпионаты: астаналық спортшылар 10 медаль жеңіп алды

![Жастар арасында садақ атудан ел чемпионаты: астаналық спортшылар 10 медаль жеңіп алды](https://optimism.kz/app/uploads/2026/10/878751a2971459400a1c5b3543881e9c56e5bc5dfbc7194bfcbca94ca25a21e2_original-229397.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жастар арасында дәстүрлі садақ атудан өткен Қазақстан чемпионатында Астана қаласының спортшылары 10 медаль жеңіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 11 өңірінен 60-қа жуық жас спортшы қатысып, «Жамбы», «Орта Азия», «Пута» және «Қалқан» нысаналары бойынша өзара мықтыны анықтады.

Төрт нысана бойынша өткен бәсекеде елордалық садақшылар 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жоғары нәтиже көрсетті.  
Атап айтқанда, Айкөркем Батихан «Жамбы» және «Орта Азия» нысаналары бойынша қарсыластарынан басым түсіп, екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ ол «Қалқан» нысанасында күміс, «Пута» нысанасында қола жүлдеге қол жеткізіп, елорда қоржынына төрт медаль салды.

Нуриддин Шаяхмет «Пута» нысанасында алтын медаль жеңіп алса, «Қалқан» нысанасында күміс, «Орта Азия» нысанасында қола жүлдегер атанды.

Ал Нұралла Орынбасаров «Орта Азия» нысанасында ел чемпионы атанып, Астана құрамасының төртінші алтын медалін жеңіп алды.  
Сонымен қатар Мерей Жұмабаева «Орта Азия» нысанасында күміс, «Қалқан» нысанасында қола медаль иеленіп, елордалық команданың табысына өз үлесін қосты.

Чемпионат қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте төрт алтын медаль жеңіп алған Астана қаласы бірінші орынға көтерілді. Екі алтын медальмен Алматы қаласының құрамасы екінші орынға тұрақтаса, бір алтын медаль еншілеген Маңғыстау облысының спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

---

Опубликовано: 2026-10-08T12:00:14+05:00

Обновлено: 2026-10-08T12:00:14+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/10/08/zhastar-arasynda-sada-atudan-el-chempionaty-astanaly-sportshylar-10-medal-zhengip-aldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».