---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/10/09/kitap-o-ityn-astanadaghy-mektepte-pedagogterge-arnalghan-ustazdar-uyasy-kabineti-ashyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Кітап оқитын»: Астанадағы мектепте педагогтерге арналған «Ұстаздар ұясы» кабинеті ашылды

![«Кітап оқитын»: Астанадағы мектепте педагогтерге арналған «Ұстаздар ұясы» кабинеті ашылды](https://optimism.kz/app/uploads/2026/10/c0391b75748c2816bfb3aef6d01b5ef7f36d44fa5954ddd58c24e935c2c32827_original-281843.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Астана қаласындағы №29 орта мектепте «Кітап оқитын» ұлт жобасы аясында педагогтерге арналған «Ұстаздар ұясы» кабинеті ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа кеңістік ұстаздардың рухани демалып, кітап оқып, ақын-жазушылардың шығармаларын талқылауына арналған. Мұнда педагогтер күнделікті қарбаластан бір сәт тынығып, ұлттық құндылықтармен сусындай алады.

Мектеп директоры Айжан Маметханқызының айтуынша, цифрлық білім беру дәуірінде ұлттық руханият пен дәстүрлі құндылықтарды сақтау маңызды.

«Қазіргі таңда цифрлық білім беруді терең меңгеріп жатырмыз. Алайда ұлттық тамырымыз бен рухани құндылықтарымыздан алыстамауымыз керек. Бұл кабинетте ұстаздар компьютер мен ұялы телефоннан бір сәт қол үзіп, оюлы текемет үстінде кітап оқып, асық ойнап, рухани тыныға алады», – дейді мектеп басшысы.

Алдағы уақытта «Ұстаздар ұясы» кабинеті педагогтердің рухани дамуына, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстардың тұрақты алаңына айналмақ.

---

Опубликовано: 2026-10-09T12:59:07+05:00

Обновлено: 2026-10-09T12:59:07+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/10/09/kitap-o-ityn-astanadaghy-mektepte-pedagogterge-arnalghan-ustazdar-uyasy-kabineti-ashyldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».