---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/10/12/aqtobe-creative-days-astanada-oetken-kreativti-zhaermengkege-10-mynggha-zhuy-adam-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Aqtobe Creative Days»: Астанада өткен креативті жәрмеңкеге 10 мыңға жуық адам келді

![«Aqtobe Creative Days»: Астанада өткен креативті жәрмеңкеге 10 мыңға жуық адам келді](https://optimism.kz/app/uploads/2026/10/7b4879873a7d382939d28c751c2c808ad1b2bc49b0f59d90355d2ecc9aac7f25_original-184560.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Астанада өткен «Aqtobe Creative Days» креативті жәрмеңкесіне екі күнде 9 500 адам келді. Qazaq Creative Hub алаңында ұйымдастырылған іс-шараға Ақтөбе облысынан 100-ге жуық креатор қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде ұлттық нақыштағы киімдер, дизайнерлік топтамалар, зергерлік бұйымдар, тері, ағаш, сүйек пен киізден жасалған қолөнер туындылары, аксессуарлар мен кәдесыйлар ұсынылды. Келушілер ақтөбелік шеберлердің өнімдерін тамашалап, ұнаған бұйымдарын сатып алды. Жалпы, өңір креаторлары 22 бағыт бойынша авторлық өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды.

Жәрмеңке аясында мәдени бағдарлама да өтті. «Aqtobe Design» сән көрсетілімінде ақтөбелік дизайнерлердің авторлық топтамалары ұсынылды. «Алақай» қуыршақ театрының инклюзивті «Жыл мезгілдері» қойылымы сахналанып, Ақтөбе өңірі туралы анимациялық фильм көрсетілді.

Музыкалық бағдарламада «SherTer» және «Жеребе life» жобалары өнер көрсетіп, композитор Серік Закарияның шығармашылық кеші өтті. Сонымен қатар келушілер зергерлік өнер, киіз басу, тері және ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

«Aqtobe Creative Days» жәрмеңкесі «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба өңірлік креаторлардың өнімдерін нарыққа шығаруға, жаңа сатып алушылар тартуға және креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

---

Опубликовано: 2026-10-12T05:45:06+05:00

Обновлено: 2026-10-12T05:45:06+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/10/12/aqtobe-creative-days-astanada-oetken-kreativti-zhaermengkege-10-mynggha-zhuy-adam-keldi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».