19 октября 2026

Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұахновтың Құтқарушылар күнімен құттықтауы

Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұахновтың Құтқарушылар күнімен құттықтауы

Фото: МЧС РК

  Қайырлы күн құрметті әріптестер және ардагерлер!

  Сіздерді Министрлік басшылығының және өзімнің атымнан «Құтқарушы күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын.

  Құтқарушы – қазіргі заман қаһарманы. Батылдық пен жанқиярлық қасиеттерге ие тұлға.

  Күнделікті халықтың алғысына бөленетін біздің әрбір қызметкеріміздің еңбегі зор.

  Бүгін 8 қызметкеріміз бен өздерінің жанқиярлық еңбектерімен ерекшеленген 5 азамат Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан мемлекеттік наградалар алды. Бұл еңбектің лайықты бағалануының белгісі.

  Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан барлық әріптестердің есімдері мәңгі ел есінде.

  Жылдар бойы ісіне адал қызмет етіп, енді өздерінің бай тәжірибелерімен жас ұрпақты тәрбиелеп отырған ардагерлерімізге ерекше ризашылығымды білдіремін.

  Қазіргі таңда бірігіп, қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес.  

  Президентіміз бен Үкімет тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың арқасында бұдан да биік жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.

  Құрметті әріптестер, баршаңызды тағы да кәсіби мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халықтың игілігі мен қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметте сәттілік пен табыс тілеймін.