---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/10/19/toetenshe-zhaghdajlar-ministri-murat-muahnovtyng-qut-arushylar-kuenimen-utty-tauy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұахновтың Құтқарушылар күнімен құттықтауы

![Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұахновтың Құтқарушылар күнімен құттықтауы](https://optimism.kz/app/uploads/2023/08/optimizm-logo@4x-100-scaled-1140x570-1.jpg)

Фото: МЧС РК

**  Қайырлы күн құрметті әріптестер және ардагерлер!**

  Сіздерді Министрлік басшылығының және өзімнің атымнан «Құтқарушы күні» кәсіби мерекесімен **құттықтаймын**.

**  Құтқарушы** – қазіргі заман қаһарманы. Батылдық пен жанқиярлық **қасиеттерге** ие тұлға.

  Күнделікті халықтың алғысына бөленетін біздің **әрбір қызметкеріміздің** еңбегі зор.

  Бүгін **8 қызметкеріміз** бен өздерінің жанқиярлық еңбектерімен ерекшеленген **5 азамат** Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан **мемлекеттік** наградалар алды. Бұл еңбектің лайықты бағалануының белгісі.

  Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан барлық әріптестердің есімдері мәңгі **ел есінде**.

  Жылдар бойы ісіне **адал** қызмет етіп, енді өздерінің **бай тәжірибелерімен** жас ұрпақты тәрбиелеп отырған **ардагерлерімізге** ерекше ризашылығымды білдіремін.

  Қазіргі таңда бірігіп, қол жеткізген жетістіктеріміз **аз емес**.  

**  Президентіміз** бен **Үкімет** тарапынан көрсетілген сенім мен **қолдаудың арқасында** бұдан да биік жетістіктерге жететінімізге **сенімдімін**.

**  Құрметті** әріптестер, баршаңызды тағы да кәсіби мерекемен **құттықтай** отырып, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға **амандық**, халықтың игілігі мен **қауіпсіздігі үшін** атқаратын қызметте сәттілік пен **табыс тілеймін**.

 

---

Опубликовано: 2026-10-19T04:31:05+05:00

Обновлено: 2026-10-19T04:31:05+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Закон и порядок](https://optimism.kz/category/obshhestvo/zakon-i-poryadok/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/10/19/toetenshe-zhaghdajlar-ministri-murat-muahnovtyng-qut-arushylar-kuenimen-utty-tauy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».