---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/10/20/bizding-uen-otan-astanaly-o-ushylar-respublika-kuenine-oraj-bejnezhoba-tuesirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Біздің үн – Отан»: астаналық оқушылар Республика күніне орай бейнежоба түсірді

![«Біздің үн – Отан»: астаналық оқушылар Республика күніне орай бейнежоба түсірді](https://optimism.kz/app/uploads/2026/10/a00b8d5b4f8cea4c73fd82db57ec3f5e9cbf6c5a87d5033fe5dac9e1432bbb9b_original-165936.jpeg)

Фото: Акимат Астаны

Астана қаласындағы №2 Өнер мектебінің оқушылары Республика күніне орай «Біздің үн – Отан» атты шығармашылық бейнежоба әзірледі. Жоба Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, ұлттық өнерді дәріптеуге және ел бірлігін насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шығармашылық бастама Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты мен қалалық Білім басқармасының қолдауымен іске асырылды.  
Бейнежобаның көркемдік желісінде домбыра сыныбында оқитын украин және орыс ұлтының екі оқушысы арасындағы Отан туралы диалог көрініс тапқан. Жасөспірімдер ортақ шаңырақтың қадірі, туған жерге деген құрмет және Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерін біріктіретін ортақ құндылықтар туралы ой қозғайды.

Жобаның музыкалық бөлігінде №2 Өнер мектебінің 100-ден астам домбырашы оқушысы қазақ халқының ұлттық рухын, болмысы мен елдік мұратын айшықтайтын «Ер Тұран» күйін орындайды. Күйдің күмбірлеген үні арқылы жас өнерпаздар халқымыздың бай музыкалық мұрасын ұлықтап, ұлттық өнердің құдіретін көрсетеді.

Сонымен қатар 20-ға жуық жас суретші өз шығармалары арқылы Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдіреді. Олардың туындыларында еліміздің көркем табиғаты, туған жердің сұлулығы, бейбіт өмір және жарқын болашаққа деген сенім бейнеленген.

---

Опубликовано: 2026-10-20T04:01:08+05:00

Обновлено: 2026-10-20T04:01:08+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Астана](https://optimism.kz/tag/astana/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/10/20/bizding-uen-otan-astanaly-o-ushylar-respublika-kuenine-oraj-bejnezhoba-tuesirdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».