Фото: МЧС РК
Жылыту маусымының қауіпсіз өту мақсатында ТЖМ «Көмек қолы» акциясын өткізуде, оның барысында аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетіледі.
ТЖМ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп түтін мұржаларын күйеден тазарту, жылыту пештерін жөндеу, пештің алдындағы қаңылтырды орнату, аула аумағын жанғыш қоқыстардан тазарту, электр жүйелерін жөндеу және т. б. жұмыстараң жүргізуде.
Сондай-ақ мұқтаж отбасыларға отын мен көмір жеткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Акциямен бір ай ішінде 2450 үй және қарттарға арналған пансионат қамтылды.
Сонымен қатар, жылу беру маусымына дайындық және қауіпсіз өту шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 15 668 үйінде улы газ, табиғи газ және түтін датчиктері орнатылды.
Акция аясында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде, азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері жеткізіледі.
ТЖМ еске салады:
— тек жұмыс істейтін пештерді қолданыңыз;
— пештің қызып кетуіне жол бермеңіз;
— мұржаны күйеден уақытында тазалаңыз;
— пеш пен мұржаны үнемі тексеріп отырыңыз;
— балаларға пешті жағуға тапсырмаңыз;
— жиһазды пештен алыстатыңыз;
— пештің жанында ағаш, киім және басқа жанғыш заттарды кептірмеңіз;
— пешті жағу үшін оңай жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.
Әркім өз үйін қауіпсіз ете алады.
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті