Фото: Министерство энергетики Республики Казахстан
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Үкімет отырысындағы баяндамасынан:
«Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша қорытындылары бойынша шамамен
12,3 млн. тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7% (12,1 млн. тонна), оның ішінде:
— автобензин бойынша көрсеткіш 4,9 млн. тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,1%-ды (4,8 млн. тонна) құрады;
— дизель отынын өндіру көлемі 4,9 млн.тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 104,3% ды (4,7 млн. тонна) құрады.
Бүгінгі таңда Энергетика, Қаржы министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы қолданыста екенін атап өткім келеді, оның шеңберінде автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды (2025 жылғы 29 наурызда аяқталады).
Авиаотын бойынша көрсеткіш шамамен 0,68 млн. тоннаны құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға өсті (0,56 млн.тонна).
Мазут өндірісіне келетін болсақ, оның көрсеткіші 1,8 млн.тоннаға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,7%-ға (2,1 млн. тонна) тең.
Мазут өндірісінің төмендеуі мұнай өңдеу тереңдігінің 85%-дан 87%-ға дейін ұлғаюымен байланысты.
Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 506,1 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (312,9 мың тонна) салыстырғанда 1,6 есе артық».