«Тәжді» вирус жер жаһанды жайлады. Ресми ақпараттарға сүйенсек, бүгінде әлемнің 155- тен астам елінде пандемия белең алып отыр. Оның ішінде біздің мемлекетте бар.
У «Оптимизм.kz» есть свой канал в Telegram.
Публикуем актуальные новости в течение 10 минут, беседуем со звездами эстрады и бизнес-аналитиками, говорим о курсе тенге каждый день. Он не навязчивый. Новости приходят бесшумно. Вы останетесь в курсе всех важных событий. |
Кесел кенеттен келгендіктен біраз елді есеңгіретті. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқына үндеуінде біз « үлкен дүлейдің» алдында тұрмыз деген болатын. Расымен де, дүлей сынды жер жүзін шайқап жатыр. Денсаулықты ойлап, бас сауғалап жүргенде, індет әлемдік дағдарысты да алып келді.
Елімізде төтенше жағдай орын алып, карантин енгізілді. Бұл ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантинн уақытында бизнес өкілдерінің ісіне ешқандай кесір тимеу керек деп атаған болатын.
Ел басына күн туғанда ерлеріміз қарап отырмасы анық. Сол сияқты Алматы облысының белсенді азаматтары ел Президентінің сын сағатта қабылдаған шешіміне қолдау танытуда. Солардың қатарында Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы Наурыз Қылышбайұлы да бар. « Күшіміз бірлікте». Ұлттың басына төнген қауіпті ел болып еңсереміз. «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деген қазақта тәмсіл бар. Қазақ әр қашан татулығымен тау қопарып, туын көкке көтерген. Ел бірлігі сыналған сәтте сырт қалмайық». Деген пікірде елбасқарған азамат. Ұлттың ұланының сөзінің жаны бар. Ымыраластық пен елге деген құрмет қана қандай жағдайдан болмасын жол табуға ықпал етеді. Біз бірлігіміз жарасқан ұлтпыз!.