Ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Ұстазым биік мәртебең!» деген тақырыпта ілкімді іс-шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп,марапаттау рәсімін бастады.
Атап айтқанда № 1 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Балжан Қабылбекова, Құлан мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухартас Тасқанбаева, Ақыртөбе орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гүлсара Рахатова облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен бірге аудан әкімінің 100 мың теңгелік сертификатына ие болса, аталмыш басқарманың алғыс хатымен бірге аудан басшысының 100 мың теңгелік сертификаты Қызылпан Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Айнұр Жиенбаева мен Райымбек Смаилов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жомарт Ибраимовқа табыс етілді.
Ал, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гүлназ Ахатаева, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Айнұр Сейтханова, Өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Назгүл Самылтырова, Абай шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлзат Есалиева, Бірлес шағын орталықты орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ақсұңқар Аралбаев, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің педагог-психологы Айжан Мәлібаева, Максим Горький атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шайгүл Алдабергенова, Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебінің биология пәнінің мұғалімі Назгүл Метерқұлова, Максим Горький атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толқын Байтикова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзира Ускенбаева, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Оңалбаева, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Айман Нусипова және Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Ғани Мұсабековтерге 100 мың теңгелік сертификатпен қоса аудан әкімінің алғыс хаты, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасы табыс етілді.