Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 37 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 14 мемлекеттік балалар бақшасы, 14 мектеп жанындағы шағын орталықтар мен 9 жекеменшік балалар бақшасы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып іске асырып жатыр.
1. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде ұйымдастырылған оқу қызметтерін (бұдан әрі — ҰОҚ) әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі — Әдістемелік ұсынымдар) балалар бақшасында қашықтан оқытуды дайындау және жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі — МДҰ) ҰОҚ қызмет түрін ұйымдастыру санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты анықталады:
1) ұйымдастырылған оқу қызметі (кеңестер)қашық форматта;
2) кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру;
3. Ұйымдастырылған оқу қызметі (кеңестер) барысында қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, үй жағдайында балаларға материалдар ұсынылады, ата-аналардың жетекшілігімен педагогтердің тапсырмаларын үйренеді және орындайды (ересек, мектепалды топтары/сыныптары).
4. Ата — аналардың өтініші бойынша кезекші топтарды ұйымдастыру-тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны.
Ауданда мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топта балалар тәрбиеленуде.Кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру кезінде санитарлық талаптар қатаң сақталады,оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері жүзеге асырылып отыр.
Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады.
Кезекші топқа баруға ниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына өтініш жазады және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы тәрбиешіге жібереді.
Тәрбиеші өтінішті әкімшілікке береді. Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі тәрбиешілерден берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтар құрады.
Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Күнде таңертең балаларды қабылдау балалар бақшасының медицина қызметкерінің тексеріс нәтижесінде жүзеге асырылады.
Балалар бақшасының барлық қызметкерлерін және балалардың медицина қызметкерін күн сайын таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйіне қайтарылады.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: қол орамалдар, дымқыл бактерияға қарсы майлықтар мен маскалар (5 жастан бастап).
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын балалар бақшасының сыртқы кіретін есігіне дейін ертіп апарады, балалар бақшасының кіріберісінде тәрбиеші балаларды қабылдайды.
Балалар бақшасының дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).
Күнделікті түрде топтарды, дәліздерді, холлдарды және басқа да үй-жайларды әрбір сабақтан кейін ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, сүйеніштерді, баспалдақтың араларын, терезенің алдын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Кезекші топтардың толымдылығы — 15 баладан аспауға тиісті,балалар үстелдерінің қашықтығы бір метр болуы керек, әрбір ҰОҚ кейін кабинеттерді желдету, кварцтау,әрбір ҰОҚ кейін қолдарын жуып,арнайы құралдардын пайдаланады.
Тәрбиеші МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кезекші топтардағы сабақтар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.
Ұйқы, демалыс, тамақтану мәселелері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі сақталады.
Оқу күні аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші бала денсаулығына сабақ аяқталғанша жауап береді.