«Nur Otan» партиясы мыс қорыту зауыты ұжымының қолдауына ие Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Силар Қияқбаев «Zoom» платформасында онлайн-конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды Optimism.kz.
Бұл жолы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасымен Жезқазған мыс қорыту зауытының ұжымы танысты.
2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы қамтылған партияның басты құжатында ел экономикасын нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілгенін алға тартқан кандидат еңбек ұжымын «Nur Otan» партиясының Жезқазған қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарынан хабардар етті. Сайлауалды бағдарламада мысты өлкені дамытудың жеті басымдығы көрініс тапқан. Олар: экономикалық тұрақты қала, жайлы қала, әлеуметтік бағдарланған қала, жастарға арналған қала, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала. Аталған бағыттар бойынша Жезқазғанда нақты істер жоспарланып отыр.
Дамудың осы жеті бағытын қамтыған құжатта жезқазғандықтарды көптен бері алаңдатқан сапалы ауызсу мен экология, коммуналдық салада қордаланып қалған мәселелерді оңтайлы шешу жолдары көрсетілген. Атап айтқанда, көшбасшы партия 2023 жылға қарай қала халқын 100 пайыз орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтап, 15 шақырымдық Есқұла су құбырының құрлысын аяқтауды, ұзындығы 196 км қалаішілік су желілерін қайта құрылымдауды, Үйтас-Айдос су құбырының 44 шақырымын жаңартуды көздеп отыр. Осылайша, таза суға қолжеткізетін мысты өлке тұрғындарының сапалы медициналық қызметтің, сапалы жол мен инфрақұрлымның игілігін көретін күні де алыс емес. Азаматтарды қолжетімді баспанамен, бұқаралық спортпен, сапалы біліммен және мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін жоғарлату мақсатында да бірқатар жобалар қолға алынбақ. Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға кедергісіз орта қалыптастыру партия назарынан тыс қалмағаны тағы бар.
Халық мүддесін бәрінен жоғары қойған «Nur Otan» партиясын қолдау арқылы әр азамат Қазақстанды ертеңгі жарқын болашағын таңдайтынын тілге тиек еткен Силар Қияқбаев Партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлының бастамаларын өміршең етуге үлес қосуға шақырды. Ол үшін сайлаушылар 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, өз дауысың «нұротандық» кандидаттарға беруі керек. Қазақстандықтардың сеніміне селкеу түсірмей, ел дамуы жолында аянбай еңбек ету – «Nur Otan» партиясы мен оның кандидаттарының басты бағдары.
Игі істердің бас-қасынан табылатын «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін межелеген жоспарына қаныққан зауыт қызметкерлері «Nur Otan»-мен бірге екендерін айтып, кандидатқа зор қолдау білдірді.