Бүгінде біз үшін ақпараттық технологиялармен жанаспайтын өмірді елестету қиын. Сол үшінде мемлекетке, бизнеске және қарапайым азаматтарға күн сайын нақты ойластырылған жоспарларды жүзеге асыру үшін көбірек мүмкіндіктер берілуде. Оның ішінде IT-сервистер мен қызметтерді пайдалану өмірді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мен өркендеуіне мол ықпал етеді.
Осы саладағы отандық нарықтағы ірі компанияның бірі — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «ҰАТ» АҚ). Ұйымның Үкіметтің ІТ-департаменті ретіндегі жұмысы, бірінші кезекте мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыруға және деректер базасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орайда көпшілік арасында «ҰАТ» АҚ eGov порталына маңызды жобаны әзірлеумен және қолдаумен айналысады деген пікір қалыптасқан. Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана. Тәжірибесі мен жаңашыл идеялары бар IT мамандарының мықты командасының арқасында компания өзінің бастапқы мүмкіндіктер шеңберінен әлдеқайда озып келеді. Әрине, заманауи IT-компанияның жетістігі бүгінгі шындықты өзгерте алатын прогрессивті адамдарға байланысты. Айтпақшы, ақпараттық технологиялар саласындағы прогрессивті идеялары бар көптеген танымал адамдар — «ҰАТ» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері — Нұрлан Исин, Бағдат Мусин, Руслан Енсебаев және басқалар.
Мемлекетке арналған IT-шешімдер
Заманауи технологиялардың, дәлірек айтсақ, жасанды интеллекттің көмегімен мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық болжамдар жасауға мүмкіндік туды. «SmartDataUkimet» платформасы барлық мемлекеттік органдар мен әр түрлі көздерден делдалсыз, яғни ең дәл, нақты ақпарат жинайды. Ішкі және сыртқы жүйелер үшін мәліметтердің алмасуы мен бақылау жұмыстары «ҰАТ» АҚ жасаған «SmartBridge – Back» платформасы арқылы жүзеге асырылады. Компания қызметкерлері үнемі өсіп, біліктіліктерін арттырып, жетекші елдердегі әріптестердің тәжірибесінен үйреніп, нәтижесінде құнды білімдерін жүйелі қолданады. Іске асырылған шешімдердің арқасында ҚР-ның жоғары лауазымды тұлғалары бейнеконференция арқылы онлайн-кеңестер мен ашық жиналыстар өткізуге мүмкіндік алды. Коронавирус пандемиясы бұл бағыттағы жұмыстың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Осы орайда «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық пошта сервисі» және т.б. жобалар ерекше назар аударуға тұрарлық.
Бизнеске арналған IT-шешімдер
Кез-келген бизнес жаңарып отырса сәтті жүзеге асырылады. Бизнесті жүргізу үшін тиімді IT-шешімдерді қолдану кәсіпкерлерге тиімді. Сондықтан осы бағыттағы IT-шешімдер мемлекеттік органдарды цифрландыруға қарағанда тиімдірек болып келеді. Қазақстандық кәсіпкерлердің өмірін жеңілдеткен жобалардың бірі — «Smart Contract» арқылы келісім-шарттарды электрондық форматта ресімдеуге болады. Ол интернет арқылы түрлі рұқсат қағазын алуға мүмкіндік беретін электронды лицензиялау жүйесі.
«SmartBridge – сервистер витринасы» арқасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен жеке сектордың арасындағы интеграцияны оңайлату мүмкін болмады. Бұдан басқа, кәсіпкерлер бүгінгі күні бухгалтерия, адам ресурстарын басқару, қаржылық талдау және т.б. сияқты түрлі IT-сервистерге қол жеткізе алады.
Қарапайым азаматтарға арналған IT-шешімдер
Қазірдің өзінде қазақстандықтар электрондық үкімет порталын белсенді қолданады. Олар бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, жедел жауаптар алуына мүмкіндік жасалған. Бірнеше жыл бұрын IT-қызметтер біздің өмірімізге толықтай енетінін елестете алмадық. Бірақ прогресс орнында тұрмайды, бүгінгі күні кез келген уақытта және кез келген құрылғы арқылы ақпарат пен қызметтерді алу мекемелерге физикалық түрде баруды қажет етпейді.
Сонымен, азаматтарға нотариусқа жүгінудің қажеті жоқ, «Е-нотариат» сервисін пайдалану жеткілікті. Бұдан бұрын қазақстандықтар қажетті анықтамаларды жинауға, жақын жердегі нотариалдық кеңсені іздеуге, қажетті құжаттарды алуға көп уақыт жұмсайтын. «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізумен автокөлік иелерінің өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Оның көмегімен міндетті техникалық байқаудан онлайн-режимде өтудің маңыздылығын тексеруге болады. «Техникалық байқау» БАЖ арқылы Қазақстанда автокөліктердің жағдайы туралы толық ақпарат береді.
Е-Learning — Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан ең ірі жобалардың бірі. Ол мұғалімдерге, студенттерге және олардың ата-аналарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне арналған.
Бір кездері аталған жобалардың авторы — «ҰАТ» АҚ үлкен міндеттерді алдына қойған, шағын ұйым болғанын атап өткен жөн. Бірақ көптеген жылдар бойы компания өзінің кәсіби біліктілігін дәлелдеді және қолданыстағы өнімдерді жетілдіруді, сонымен қатар жаңа дүниелерді жасауды жалғастыра берді. Біздің ел қазірдің өзінде әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына еніп отыр, ендігі мақсат — үздік 30 елдің қатарына кіру. Әрі қарай сәтті дамудың маңызды аспектісі — бұл өміріміздің барлық салаларын цифрландыру. Жалпы күш-жігердің арқасында біз өмірдің барлық саласында әлемнің дамыған елдерінде қолданылатын технологияларды пайдаланған кезде нақты дамыған цифрлық мемлекет бола аламыз. Цифрландырудың арқасында елде экономика жақсарады, жеке және кәсіби бағыттарды дамытуға көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылады, мемлекет пен қоғам арасындағы диалог ашық болады, өмір әлдеқайда жақсарады және жайлы болады.