Dutch Clean Tech және Алматы облысы әкімдігі «Алматы облысының аумағында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту» — құрылыс саласындағы жобаларды іске асыру және кәріз-тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Dutch Clean Tech алдағы төрт жылда Қазақстанға 300-400 миллион еуро инвестициялауды жоспарлап отыр, бұл қаражаттың едәуір бөлігі Алматы облысы әкімдігімен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырылатын жобаларға салынатын болады.
Жоба Қазақстанның өзен-көлдерінің табиғи су балансын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіндіктен, маңызды болып табылады. Бұл ауыз судың тұрақты өндірісіне ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстанның экологиясын сақтауға көмектеседі.
Қонаев, Қазақстан, 11 қаңтар, 2023 – Dutch Clean Tech компаниясы мен Алматы облысы әкімдігі «Алматы облысының аумағында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту» жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Dutch Clean Tech копаниясының бас операциялық директоры Джаспер Слюймерс пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметтік кездесу барысында қол қойды.
Тазарту құрылыстарын қайта жаңарту маңызды болып табылады
Қазақстанда бірқатар кәріз-тазарту құрылыстарының ағымдағы тозу дәрежесі 60%-дан асады, бұл құрылыстардың басым бөлігі 30-50 жыл бұрын салынған, сондықтан олардың пайдалану тиімділігі айтарлықтай төмен деңгейде. Алматы облысында да аталмыш жағдай орын алып отыр, сондықтан кәріз-тазарту құрылыстарын салу және оларды қайта жаңарту жұмыстарының маңызы жоғары. Бұл өз кезегінде, тек халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсарту тұрғысынан да жоғары маңызға ие.
Қазақстандағы алғашқы жоба
Dutch Clean Tech компаниясының муниципалдық және өнеркәсіптік су жүйесін тазарту саласында алпыс жылдан астам тәжірибесі бар және әлем бойынша мыңнан астам жобаны жүзеге асырды. Меморандум аясындағы жобалар Қазақстандағы алғашқы жобалардың бірі және Алматы облысы аумағында, сонымен қатар, үлкен және кіші қалаларда тазарту құрылыстарын салуды көздейді.
Меморандум шеңберінде Компания нысандардың жобалық, құрылыстық-монтаждық жұмыстарын атқарып, бұдан әрі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, құрылыстарды үздіксіз және сенімді пайдалану мен техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын болады. Алматы облысында аталмыш инвестициялық жобаның жалпы көлемі 200 миллион еуроны құрайды деп күтілуде.
Технология, тәжірибе және инвестиция тарту
Dutch Clean Tech компаниясының бас операциялық директоры Джаспер Слюймерс: «Біз жергілікті бірлестіктерге суды тазартудың зияткерлік шешімдерінің артықшылықтарын ұсынуға бағытталған, Алматы облысы әкімдігімен орнаған ынтымақтастықты мақтан тұтамыз. Біз ағынды суды тазартуды қызмет ретінде ұсынамыз, біздің технологиямыздың бірқатар негізгі артықшылықтары бар, соның ішінде «plug and play» қағидаты, яғни «қосу және жұмыс істеу», бұл, шамамен 30% электр энергияны үнемдеу, тазартылған суды қайта пайдалану мүмкіндігі, мысалы суару, қалалық жылыту жұмыстарында немесе өнеркәсіптік мақсатта. Біздің зауыттар, қалдықты шамамен 40%-ға аз шығарады және зауыт өндірісінің қалдықтарын (шлам) топырақты байыту үшін, қауіпсіз түрде пайдалануға болады».
Жергілікті қамту
Мұнымен қатар, Dutch Clean Tech компаниясы көптеген елде жергілікті мердігерлермен және жеткізушілермен суды тазарту қондырғыларын салу үшін жұмыс істейді, осылайша жергілікті экономиканы да көтеруге ықпал жасайды. Сондай-ақ, компания қызмет көрсету бойынша жергілікті тұрғындарды жалдай отырып, оларды оқытып, жұмыс пен жоғары жалақы ұсынады. Бұдан, Dutch Clean Tech компаниясы Алматы облысында кәріз-тазарту құрылыстарын салу жобасы бойынша, жұмысқа тартылған қызметкерлердің жалпы санының пайыздық қатынасында, 60%-дан 90%-ға дейін қазақстандық қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететінін көруге болады.