Туризм по-казахски: туризмде бизнес жүргізу туралы жаңа подкаст

Фото: Freepik.com

Алматы – 10 сәуірде Қазақстанда туризмді дамыту мәселелеріне арналған «Туризм по-казахски» подкасты басталады. Подкаст «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қорының «Байтақ жер» жобасы аясында жазылды.

Әр 10 күн сайын шығатын эпизодтар Туризмдегі өзекті бағыттарды зерттейді. Бірінші шығарылымда подкаст жүргізушілері – «Байтақ жер» жобасының командасы, Әлия мен Айжан – подкаст идеясы, жобаның тарихы және елдегі туризм саласының келешегіне қатысты өз ойлары туралы әңгімелейді. Келесі шығарылымдар әр түрлі саладағы сарапшылармен сұхбат форматында өтеді. Сонымен, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарушы директоры Даниел Сержанұлы туризм саласындағы трендтер және ішкі туристердің күтулері туралы сұрақтарға жауап берді. Бизнес және қаржы саласындағы мамандар Татьяна Хасанова мен Тимур Рахымжанов бизнес жүргізу туралы әңгімелесті. Жоба қатысушылары – қонақ үй бизнесінде, ат туризмінде, қолөнер саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер – өздерінің жеке тәжірибелері мен тарихтарымен бөлісті.

«Туризм по-казахски» подкасты туризм саласының ісін жаңа бастаған немесе жалғастырып келе жатқан кәсіпкерлерін қолдау мақсатында жазылды. Ол осы салада бизнес ашқысы келетіндердің барлығына, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлік тақырыптарына қызығушылық танытқандарға қызықты болады. Эпизодтарды Apple podcasts, Google podcasts, Spotify және Яндекс Музыка платформаларында тыңдауға болады. Барлық шығарылымдардың тақырыптары мен қонақтары туралы ақпараты бар хабарландыруларды жобаның baitaqzher.kz Instagram-дағы ресми парақшасынан  табуға болады.

«Байтақ жер» жобасы Ақмола облысының Зеренді, Қорғалжын және Сандықтау аудандарында жүзеге асырылуда. Ол туризмдегі ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жастарды қолдауға және жаңа туристік бағыттарды танымал етуге бағытталған.

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба ассистенті aizhan@ef-ca.org

Жобаның сайты: http://baitaqzher.kz/kz.

Жобаның Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/baitaqzher.kz/.

_________________________________

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Exit mobile version