• О нас
  • Реклама
  • Правила
  • Контакты
Воскресенье, 8 июня, 2025
 Версия слабовидящим
Optimism.kz - Истории успеха
  • Политика
  • Экономика
  • Аналитика
  • Таза Қазақстан
  • Здоровье
  • Общество
    • Спорт
    • Культура
    • Закон и порядок
    • ESG
    • Прочее
  • Регионы
    • Астaна
    • Алматы
    • Шымкент
    • Акмолинская область
    • Алматинская область
    • Актюбинская область
    • Атырауская область
    • ВКО
    • ЗКО
    • Жамбылская область
    • Карагандинская область
    • Костанайская область
    • Кызылординская область
    • Мангистауская область
    • Павлодарская область
    • Туркестанская область
    • СКО
  • Спецпроекты
    • Истории успеха
    • Актуально о страховании
    • Добро
    • Технологии и Инновации
  • Политика
  • Экономика
  • Аналитика
  • Таза Қазақстан
  • Здоровье
  • Общество
    • Спорт
    • Культура
    • Закон и порядок
    • ESG
    • Прочее
  • Регионы
    • Астaна
    • Алматы
    • Шымкент
    • Акмолинская область
    • Алматинская область
    • Актюбинская область
    • Атырауская область
    • ВКО
    • ЗКО
    • Жамбылская область
    • Карагандинская область
    • Костанайская область
    • Кызылординская область
    • Мангистауская область
    • Павлодарская область
    • Туркестанская область
    • СКО
  • Спецпроекты
    • Истории успеха
    • Актуально о страховании
    • Добро
    • Технологии и Инновации
Нет результатов
Посмотреть все результаты
Optimism.kz - Истории успеха
Freedom Broker
Главная Спецпроекты Добро

Қазақстанда шала туған балалардың ретинопатиясын диагностикалау жақсаруда

by Карина Бикенеева
22.09.2023, 14:45
in Добро, Таза Қазақстан, ★

Қазақстанда ретинопатия анықталған жаңа туған нәрестелердің жалпы саны 2022 жылы 1523 баланы құрады, офтальмологтар көз торының лазеркоагуляциясы бойынша 597 балаға ота жасады, бұл 2021 жылға қарағанда 34%-ға жоғары. Дәрігерлердің айтуынша, бұл әлем бойынша деректермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш, мұнда шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу кезінде жедел араласу саны 25 пайыздан аспайды. Көрсеткіштің өсуі біздің елімізде ретинопатияның күрт дамыған түрімен ауыратын балалар санының артқанын көрсетеді.

Дәрігерлердің мәліметінше, Қазақстанда мерзімінен бұрын туған нәрестелердің 40% жуығы ретинопатиямен — шала туған нәрестелерде көру қабілетінің біржола жоғалуына әкеп соғатын көз ауруымен ауырады. Оларды толық соқырлықтан құтқару үшін мүмкіндігінше ертерек күрделі диагностиканы және одан кейін күрделілігі бұдан төмен болмайтын лазерхирургиялық оталарды жасау қажет.

Жыл сайын елордада 30 мыңнан астам бала дүниеге келеді, оның ішінде 1,5 мыңға жуығын шала туған сәбилер құрайды. Ретинопатияны анықтау үшін ерте туған нәрестелердің скринингі Астананың төрт медициналық орталығында: үш Перинаталдық орталықта және АБҰҒО-да жүргізіледі. Тек осы мекемелерде ғана офтальмолог-дәрігерлер жұмыс істейді, олар ең ертеректегі белгілері бойынша осы көздің зұлым ауруын танып, емдей алады.

AYALA қорының көмегінің арқасында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (АБҰҒО) шала туған балалардың ретинопатиясын диагностикалау мен емдеу жақсарады. Бүгін осы медициналық орталықтың офтальмологиялық қызметі «Шеврон» компаниясынан АҚШ-та жасалған заманауи ретиналды камераны алды. Енді дәрігерлер шала туған нәрестелердің көз ауруын сапалы және жедел түрде анықтап, емдей алады, өйткені оларда қажетті офтальмологиялық жабдықтардың толық жиынтығы: ретинальды камера, офтальмоскоп және лазерхирургиялық қондырғы бар.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның Перинаталдық және ғылыми орталықтарын ерте шала туған балалардың ретинопатиясын ерте скринингке арналған жабдықтармен жабдықтау өте нашар жағдайда болды — ол тек 4 орталықта ғана тұрды. Біздің қордың күш-жігерінің арқасында олармен еліміздің 16 медициналық мекемесі, соның ішінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы жабдықталды. Бұл Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен қамтуды шамамен 12%-ға ұлғайтуға, шала туған балаларда ретинопатияны анықтауды 20%-ға арттыруға және ретинопатия кезінде көз торын лазеркоагуляциялау бойынша оталардың үштен бір бөлігіне көбірек жүргізуге көмектесті. Біз «Шеврон» компаниясына көру қабілеті бойынша жаңа туған балалардың мүгедектігін азайтуға көмектескені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл ұлт денсаулығына өте маңызды және құнды үлес», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасы 2021 жылдың қазан айында басталып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес AYALA ҚҚ жүзеге асыруда. Аталған меморандум аясында қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде шала туған нәрестелер ретинопатиясының найзағай түрін емдеуге арналған ангиогенез ингибиторларын интравитреалды енгізу бойынша клиникалық хаттаманы бекітуге ықпал етті.

Жобаны жүзеге асырудың 1,5 жылы ішінде AYALA қоры диагностикалық және хирургиялық медициналық құрал-жабдықтарды, соның ішінде 5 лазерлік қондырғыны, 5 ретиналды камераны, 16 офтальмоскопты, сондай-ақ «Луцентис» препаратының 84 құтысын Қазақстанның мемлекеттік Ғылыми және Перинаталдық орталықтарына сатып алуға және беруге 248 миллион теңгеден астам қаражат жұмсады. Осы көмектің арқасында 3000-нан астам жаңа туған нәресте қор жабдықтарында көз тексеруінен өтті.

«Шеврон» компаниясының өкілі, әлеуметтік инвестициялар жөніндегі үйлестіруші Жанар Қошпанованың айтуынша, «Шеврон» компаниясы 2007 жылдан бері AYALA қорымен ынтымақтасып келеді.

«Осы уақыт ішінде біз сәбилер өлімін азайту және ерте мүгедектіктің алдын алу бойынша ондаған жобаларды жүзеге асырдық. AYALA қоры Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтау және дер кезінде емдеу бойынша жұмысты алғашқы болып бастағандардың бірі болды. Қордың 2021 жылдан бастап жүргізіп келе жатқан кешенді және жүйелі жұмыстарының арқасында көру қабілеті балалар бойынша мүгедектігі мен балалар соқырлығы бойынша көрсеткіштер айтарлықтай төмендеді. Біз бүгін Ана мен бала ұлттық орталығына беретін офтальмологиялық жабдықтар жиынтығы сәбилерге әлемді барлық бейнесімен көруге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деп атап өтті Қошпанова ханым.

Перинатология мен неонатологияны қолдау «Шеврон» компаниясының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. 1993 жылы Қазақстанда жұмыс істей бастағаннан бері «Шеврон» компаниясы Алматы және Астана қалаларындағы перинаталдық және неонаталдық бөлімшелер мен орталықтарға жүздеген арнайы жабдықтарды тапсырды, еліміздің барлық өңірлерінен дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне арналған ондаған біліктілікті арттыру курстары өткізілді, сондай-ақ «Шеврон» компаниясының қолдауымен «AYALA академиясы» онлайн-платформасы құрылды, оның көмегімен неонатолог дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер өздерінің негізгі жұмысынан қол үзбей біліктілігін арттыра алады. 2023 жылдың күзінде «Шеврон» компаниясының арқасында бұл платформада Қазақстанның жетекші офтальмолог-дәрігері Әсел Үсенбайқызы Шариповадан тегін бейнекурстар орналастырылады. Курстар қазақстандық офтальмологтарға жаңа туған нәрестелердің көз ауруларын, соның ішінде ретинопатияны диагностикалаудың және анықтаудың теориялық негіздерін алуға көмектеседі. 2022 жылы Көз аурулары ҚазҒЗИ мен Әсел Үсенбайқызы Шарипованың басшылығымен 12 офтальмолог оқытылды, олар ретинопатия диагностикасын меңгеріп алды. Олардың білімі мен заманауи диагностикалық және лазерхирургиялық жабдықтардың болуы алдағы 5 жылда Қазақстандағы мыңдаған жаңа туған нәрестелердің көру қабілетін құтқаруға көмектеседі.

Редакциялар үшін

AYALA қайырымдылық қоры – Қазақстандағы неонатологияға маманданған жалғыз қайырымдылық қоры. 16 жыл ішінде қор 2,7 млрд теңгеден астам қаражат тартып, перинаталдық орталықтардың, балалар ауруханалары мен ғылыми орталықтардың 67 реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтауға бағыттады. Бұл 2007 жылдан бері елден тыс жерлерде емес, Қазақстанда жүздеген мың баланың өмірін сақтап қалуға көмектесті. www.ayala.kz

«Шеврон» — әлемдегі интеграцияланған жетекші энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қолжетімді, сенімді және таза энергияның неғұрлым өркендеуші және орнықты әлем құру үшін маңызы зор деп есептейміз. Шеврон мұнай мен табиғи газды өндіреді, көлік отынын, ЖЖМ мен мұнай-химия өнімдерін өндіреді, сондай-ақ біздің бизнес пен саланы жақсартатын технологияларды әзірлейді. Біз өз қызметіміздің көміртегі сыйымдылығын төмендетуге тырысамыз және бизнестің дәстүрлі бағыттарымен қатар көміртегі шығарындыларының деңгейі төмен бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы көбірек ақпаратты www.chevron.com сайтынан табасыз.

Tags: Казахстан
ShareShareSendShareTweet

ПЕРВАЯ ОПЕРАЦИЯ НА ОТКРЫТОМ СЕРДЦЕ УСПЕШНО ПРОВЕДЕНА В ПЕРВОЙ ГОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ АСТАНЫ

В столице стартовал музыкальный фестиваль «GRAND FEST»

Многодетная семья из Актобе завоевала Гран-при на конкурсе талантов Jas tolqyn

Новый пожарный пост в Алимбетовке: программа «Ауыл құтқарушылары» укрепляет безопасность сельских регионов Казахстана

Социальное развитие столицы: Ермек Кошербаев ознакомился с работой учреждений Астаны

13 тыс. человек прошли обучение по программе JOLTAP в Астане

Рекомендуем

Новый пожарный пост в Алимбетовке: программа «Ауыл құтқарушылары» укрепляет безопасность сельских регионов Казахстана

07.06.2025, 20:07

Социальное развитие столицы: Ермек Кошербаев ознакомился с работой учреждений Астаны

07.06.2025, 18:15

13 тыс. человек прошли обучение по программе JOLTAP в Астане

07.06.2025, 17:04

Туристско-краеведческая экспедиция «Ақжайықтану»: путь к познанию родного края

07.06.2025, 15:55
Загрузить еще
Казахская музыка онлайн Казахская музыка онлайн Казахская музыка онлайн
Новости Казахстана 2020 Оптимизм

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».

Мы там, где удобно:

Категории портала

  • Здоровье
  • Истории Успеха
  • Культура
  • Мнение
  • Таза Қазақстан
  • Общество
  • Спорт
  • Экономика
  • Политика
  • Прочее
  • Важное

Самая последняя новость

ПЕРВАЯ ОПЕРАЦИЯ НА ОТКРЫТОМ СЕРДЦЕ УСПЕШНО ПРОВЕДЕНА В ПЕРВОЙ ГОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ АСТАНЫ

08.06.2025, 02:09
Яндекс.Метрика

  • О нас
  • Реклама
  • Правила
  • Контакты

© 2024 Optimism.kz - мониторинг, последние новости Казахстана .

1xbet.kz Акция!!
  • Главная
  • Здоровье
  • Политика
  • Экономика
  • Аналитика
  • Истории успеха
  • Таза Қазақстан
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • Актуально о страховании
  • ESG
  • Добро
  • Регионы >>
    • Астана
    • Алматы
    • Шымкент
    • Акмолинская область
    • Алматинская область
    • Актюбинская область
    • ВКО
    • ЗКО
    • Жамбылская область
    • Карагандинская область
    • Костанайская область
    • Кызылординская область
    • Мангистауская область
    • Павлодарская область
    • Туркестанская область
    • СКО

© 2024 Optimism.kz - мониторинг, последние новости Казахстана .